Туған жер

Бұл бетте «Туған жер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған туған жер туралы өлең берілген.

Жетi жаста,
Тайға мiндiк, жарыстық,
Балалықтың сол кез неткен қаны ыстық!
Шалғын иiсiн ауаға орап сiмiрдiк
Артта жатты будақ-будақ шаң ұшып.
Жаңа көрдiм:
Дала неткен кең едi,
Басып өттiк талай төмен төбенi.
Монтиып бiр көгендегi қозыдай
Ақша бұлттар төбемiзден төнедi.
Тай сүрiндi-ау,
Тұяқ шалған тас па екен?
«Жығылдым-ау!»
(Тершiп кеттi жас шекем).
Ауыртпады мамық майса қағып ап
Туған жерде құлаған да жақсы екен…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері