Ұршық
Бұл бетте «Ұршық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналам ағаш гүл жарған,
Күлкiге толы көк тоғай.
Сезiмге сусар қыздарға
Шаттық ап келген көктем-ай…
Көгiлдiр гүлдер құшақтап,
Мен дағы келем киiп көк.
Бұлбұлдар отыр бұтақта
Өзiнен әнi биiктеп.
Балауса талдың бүршiгiн
Көк моншақ дерсiң қарасаң.
Иiрiп отыр ұршығын
Күрсiнiп бақта жан апам.
Күрсiндi неге –
Бүршiк көк
Ойлантты ма екен тал мына?
Балауса кезi ұршық боп
Үйiрiлдi ме екен алдына…
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі