Өз iсiме жүз ұялам, жүз налып,
Кеудемдегi жүрек емес, сыздауық...
Бiр досымды өкпелетiп алдым мен,
Бәрi сенiң кесiрiңнен, қызбалық!
Дөңбекшимiн түн ұйқымды төрт бөлiп,
Ең сұрапыл сәттерiмдi өткерiп.
Тағдыр тепсе обал жоқ деп өзiме,
Тiстенемiн иттен арман жек көрiп.
Өрекпiген өз iсiме күйiнем,
Өз-өзiме қара бұлттай түйiлем.
Дар алдында ән салуға бар едiм,
Ар алдында иманымды үйiрем.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі