Шынықпасам болмайды
Бұл бетте «Шынықпасам болмайды» атты Күнтөре Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ерте тұрып жүгірем,
Шынықтырып денемді.
Мақтау сөзді інімнен
Күнде естимін мен енді.
Абайсызда турниктен
Оңбай бірде құладым.
Тұрсам дағы ырғып мен,
Шыңылдады құлағым.
Сонда інім аяды:
– Құлап түскен жаман, ә?
Сыздаса да аяғым,
Сездірмедім анама.
Ауырттым-ау, әттеген,
Желке, арқа, жамбасты...
Бұдан да көп, қап, бәлем,
Шынықпасам болмас-ты!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі