Бозшакөл басында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бозшакөл басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1965
Осы екен ғой ата-бабам өлген жер,
Жоқ оларды қазір көзбен көргендер.
Ескен желдер қанатына мініп ап,
Көшкен құмдар,
көшкен жылдар — керуендер.
Бабалардың жүректерін дерт үңгіп,
Сабыла-сабыла кеп іздеген еркіндік,
Жабыла-жабыла жау жетерде түбіне,
Қамыға-қамыға кеткен ұстап сертін нық,
Көз жасы боп кеудедегі ұлы арман,
Бұл даланы бұлт секілді суарған.
Боз топырақтың ортасында Бозшакөл
Сол жастардың тамшысынан құралған.
Көл жағасы бабам жатқан биік бел,
Белде еркін жайылады киіктер.
Көл бетінде әулие аққу жүзеді,
Оған қашан оқ кезеніп тиіпті ел,
Көбік атып тебіренгенде көл бұрқап,
Бір-біріне жасап құрмет ілтифат,
Аспан мен жер сөйлеседі құстардай
Азаттықтан салады әнін жел шырқап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозшакөл басында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бозшакөл басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозшакөл басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозшакөл басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері