Шаба шаба қамшылай
Бұл бетте «Шаба шаба қамшылай» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаба шаба қамшылай,
Жылқыға жүйрік батар ма?
Көңілі қалған адамның,
Кешірім демін басар ма?
Жақыныңнан айырылған,
Басқа жан орнын басар ма?
Шынайы көңіл махаббат,
Жауапсыз болып қалар ма?
Шын жүрекпен қалаған,
Сүйгенді ұмыту бола ма?
Тағдырдың асау толқыны,
Мықтылар ғана шыдар ма?
Істеген тірлік өмірлік,
Бағалауға тұрар ма?
Дүние атақ байлығың,
Бәрінен де қымбат па?
Адамның сенім көңілі,
Ақшадан сонша арзан ба?
Жеті атасын білмеген,
Жетесіз ұрпақ қалар ма?
Жақсы көрген жалғаның,
Қинамай бақи қылар ма?
Осыған жауап таппай-ақ,
О дүниеге барам ба?
Мақтаған осы өмірің,
Ішіп жеуің қаңғуың,
Осымен болды тәмам ба?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі