Екі

Бұл бетте «Екі» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалғыздықтан құтқарып,
Жұртқа болған жұбаныш.
Екіменен құт дарып,
Кірер үйге қуаныш.
Балап өмір шыраққа
Күт те ырыс, бақ одан,
Аулақ болғын бірақ та,
Тек екілік бағадан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері