Жалған сезім
Бұл бетте «Жалған сезім» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңдағаным артық көріп басқадан.
Періштедей жаны нәзік жақсы адам.
Жаңылыппын таңдауымнан тағы да,
Болып шықтың міне мүлде басқа адам.
Сүйген едім, сүйіктің бола алмадым.
Сүйем дедің, жәй ғана құр алдадың.
Махаббат пен мейрімді арнаймын деп,
Байқамаппын сыйымның жоғалғанын.
Оралмадың, оралма кете бергін.
Бар кезіңде тек мұңға жетеледің.
Өзен болып тасынған сезіміме,
Көпір салып сезімсіз өтем дедің.
Әуре болып бекерге тырысыппын.
Қорғаймын деп доспен де ұрысыппын.
Бекер бірақ, бәрі де бекер екен.
Достар ғана маған шын жылысыпты.
Жалғандығың дерт болды жанарыңмен.
Қан жылаттың қалай ем табамын мен?
Дәрігерлер де жазбайтын ауруыма,
Шипа іздеймін парақтан қаламыммен.
Ишберген Эльдар
29.09.2026
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі