Қуаныш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қуаныш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5122
Қыстай жатқан сіресіп,
Аспаннан бір от шығып,
Жаңбырлы жел тұр есіп,
Күн күркіреп, көк шығып.
Қыстан шыққан қысылып
Құшады ой-хой, жазды ауыл.
Аспан жатыр ұшырып
Ала бұлтын қаз бауыр.
Асыр салып ақ бұлақ,
Сыртқа тепкен бұла күш.
Қырда ойнайды шапқылап
Бала болып қуаныш.
***
Күннің көзін бұлт алса,
Жердің жүзі түнерер,
Жан ашуы бұрқанса,
Жай түсті деп біле бер.
Жаңағы кек жаңғырып.
Көпке дейін ашылмас.
Долы толқын жарды ұрып,
Көпке дейін басылмас.
* * *
Кетпейді гүлдер көңілден,
Гүлдер ғой менің сырласым,
Мұңды бір күні төгілген
Мөлдіреп сонда тұр жасым.
Келгенде алғаш қыз арман
Куә ғып көктің жұлдызын,
Ұялып алғаш қызарған
Бетінде гүлдің тұр жүзім.
* * *
Бел байлап басын тіксе қатерге кім,
Шытырман махаббаттың өтер жолын,
Махаббат — майданы ол Спартактың,
Махаббат — қызғанышы Отеллоның.
Махаббат — жанар тау ол жалын іші,
Махаббат — вулкандардың жарылысы,
Сарғайып Одиссейді көп жыл күткен Махаббат
Пенелопа сағынышы.
Махаббат — қайрат, сабыр тұрақтылық,
Махаббат — бір-ақ өлу, бір-ақ туып,
Махаббат — күн.
Батарда шыққанынша
Қоштасқан аспанымен жылап тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаныш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қуаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері