Қызғаныш
Бұл бетте «Қызғаныш» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жетістігім, қолжеткен асқақ арман.
Жүрек үнім жасырған таспалардан.
“Мені кімнен қызғанасың?” деймісің
Барлығынан, өзімнен басқалардан.
Күлкіңді де қызғанам өзгелерден.
Күйіп барат жүрегім төзбегеннен.
“Сенбисің” деп періштем ашуланба,
Мендіксің сен, бермеймін көздегенге.?
Қырсықпашы алтыным, сүйікті еркем.
Мен ғана тек өзіңді сүйкті етем.
Махаббатым таумен тең шыңда болса,
Қызғанышым одан да биікте екен.
Ишберген Эльдар
02.10.2026
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі