Өлеңнің қадірі

Бұл бетте «Өлеңнің қадірі» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шетінен бәрі ақын, бәрі әнші,
Сөз салмағы сезілмейді.
Ұйқас қашқан, ырғақ өлген,
Жанға жетіп тиіп өтпейді.

Ән деп айтып, өлең деп жүр,
Өлең емес — жолдың жыры.
Сөздің құны кеткендей боп,
Қаңсып қалған ойдың сыры.

Бұрын сөзге тоқтар еді,
Бір ауызды мың өлшеген.
Әр тіркесте жауапкершілік,
Әр жолында тер төгілген.

Мұқағали бір сөз үшін түнін берген,
Ұйқысын құрбан еткен шындық үшін.
Өлеңі — халықтың жүрек лүпілі,
Жыры — бір ғасырдың тыныс-тіршілігі.

Олар үшін жыр — ермек емес,
Аманат еді арқадағы.
Әр буын, әр тыныс салмақты,
Сөз — ұлттың тағдыры саналатын.

Қазір ойсыз тіркес толып,
Тереңдікті кім кешкен?
Көшірілген дайын сөйлем
«Өлең» болып жүр дескен.

Ұйқас деген — әшекей емес,
Ойдың тыныс, жүрек соғысы.
Салмақ кетсе, сөз де өледі,
Қалады тек құр дауысы.

Ғаламтор ойды жалқау қылды,
Ізденіс сирек, тер азайған.
Бір батырма — «ақын» жасап,
Сананы арзан жолға байлаған.

Сүйем жаным, сүйем күйеу —
Жеке сезім, оған дау жоқ.
Бірақ өлең — бір үйдің сыры емес,
Халықтың мұңын көтермес — жыр жоқ.

Ән — жанның тіл қатуы ғой,
Өлең — ойдың шындығы.
Жансыз туған әрбір жол
Уақытқа жетпес жыр мұңы.

Сөздің қадірін білмеген
Өзін ақын санайды.
Шын сөз ұрпаққа қалар,
Жылдар өтсе де жоғалмайды.

Сондықтан жырды жеңілдетпе,
Сөзді ойыншық қылмағын.
Ақын болу — атақ емес,
Ар көтеру, салмақты сынға алу.

Түн ұйқыңды құрбан етпей жазған жыр
Ғасырға жетпейді, біл.
Ал шын сөз — аз туады,
Бірақ өлмейді, сол үшін тірі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер