Білім қоңырауы
Бұл бетте «Білім қоңырауы» атты Әли Ысқабаев жазған білім туралы өлең берілген.
Құстардай қайта оралар
Жарасып сазды бал әні,
Мектепке беттеп балалар,
Асыға басып барады.
Құшағы толып гүлдерге,
Қуаныш нұры шалқиды.
Құлақты түрсең үндерге,
Шертілген лебіз сан қилы.
Сағынған ұя-мектепті
Балалар түгел шадыман.
Үйретер үлгі тек текті
Шықпайды ұстаз маңынан.
Алаңды шаттық кернеген,
Білінбес кейіс бірінде.
Арманға құлаш сермеген
Ұландар құштар білімге.
Күн де ашып шайдай қабағын,
Тыныстап тұрды жарқын жүз.
Бастады білім сабағын,
Қоңырау қағып, Алтын күз!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі