Туған үйiмнiң терезесiнен
Бұл бетте «Туған үйiмнiң терезесiнен» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған үйiмнiң терезесiнен
Қазақстан даласы көрiнедi.
Аспанында ақша бұлт керiледi,
Ақша бұлтқа жолдаған сәлемiмдей
Ошағымның түтiнi өрiледi.
Менiң терезелерiм таңға ғашық,
Қапталында тұрады бау жарасып.
Уысыма iзiңдi қаттаймын деп
Алақаны жатады жолдар ашып.
Тереземдi ақ жаңбыр жуады кеп,
Тамшысында мөлдiреп тұрады көк.
Мен үйiмнен шығамын туған жердiң
Жүгiруге ерке бiр бұлағы боп.
Туған жермен жанмын мен тынысым бiр,
Туысым бiр, жауым бiр, ырысым бiр.
Жүрегiмде тербетем туған жердi
Жырламаса Отанын құрысын жыр.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі