Шал мен жаз
Бұл бетте «Шал мен жаз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Терезе нұрға боялды,
Таң келе ме сiбiрлеп?
Құс ұйқы қарт оянды,
Шүкiрлiгiн күбiрлеп.
Айтты сосын: «Қарағым,
Жата берме, жұрт күлер.
Шығын кешшi даланың,
Шықарға шық, сыртты көр».
Тәттi ұйқыда немере,
Ашар емес көзiн де.
Сырт қызығы не керек,
Өз қызығы өзiнде.
Күркiлдедi шал әрең
Күнестеп күн көзiнде.
Естiмедi оны әлем
Өз шуылы өзiнде.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі