Әлди
Бұл бетте «Әлди» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда естiдiм бұл әндi,
Жан досымдай сыралғы,
Жүрегiммен тiлдескен,
Қайда естiдiм бұл әндi?
Жанға жақын әуен бұл
Жетсе дағы жырақтан.
Жыры ма екен әжемнiң
Жөргегiмде жұбатқан.
Келдi қайта оралып,
Қаршадайдан таныс ән
Қасиеттi балалық
Әнiң келдi, өзiң жоқ.
Қалай ғана табысам!
Асылық па, тегiнде,
Жазға ұласып көктемiм,
Ой тоқтатар кезiмде
Ойсыз күндi көксеуiм?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі