Жылқышылар
Бұл бетте «Жылқышылар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иiсi жұпар орманды асып,
Иiр қобыз жолдарды басып,
Салбырап самсоз, көз байланғанда,
Самалдың арты желге айналғанда,
Жылқышылардың қосына бардым,
Жылқы мiнездi досыма бардым.
Жандары қалмай, қонақ келсе олар
Қуанады екен, осыны аңғардым.
Iлiнiп қазан, құрылып мосы,
Көңiлдiң жатыр бiлiнiп хошы.
Қонақтың бәрiн Қыдырдай көрген
Қазағыма тән iрiлiк осы.
Ақбұлақ қымыз, балы бар ауа,
Қаныңа дәру, жаныңа дауа,
Дәл мұндай ләззат келмеген болар
Баяғы хан мен ханымыңа да.
Ұры жел тыста ұлыды қатты,
Ұядай қостың жылуы бапты.
«Былтыр қыс соққан қасқырларым ғой» деп,
Жылқышы маған тұлыбын жапты..
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі