Алтайдың ақ бораны

Бұл бетте «Алтайдың ақ бораны» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алтайдың ақ бораны
Алты күн тоқтамады.
Алты күн көлiк – құстар
Қанатын қақпағалы.
Аядай аэропортта
Кеудеме от толады.
Алтайдың ақ бораны,
Толастап тоқтамады.
Шынымен бұл шiркiнге
Адамның жоқ па амалы?
Алты күн елегiзiп,
Күдердi менен үзiп,
Қойдың ба: «Жетпедi деп,
Боранды неге бұзып!»
Алтайдың ақ бораны,
Алтайдың ақ бораны...
Алты күн болған шығар
Жүрегiм соқпағалы;
Сен менi «алдамшы» деп
Сыртымнан соттағалы,
Алты күн болған шығар...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері