Қарт пен қыран
Бұл бетте «Қарт пен қыран» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әшiм қарт аралатты тауды маған,
Апарды Марқакөлге жаудыраған.
Қамшымен құсты нұсқап көкте жүрген
«Бұл, – дедi, – кәрi бүркiт – шәулi, балам.
Байқашы, анау шыңның керегесiн,
Құз тастың қуысынан не көресiң?
Сол тұста шәулi бүркiт ұясы бар,
Қоздырған қанатсыздың делебесiн.
Қиядан көзiн салған дарияға,
Қантүбiт балапан бар сол ұяда».
«Алайық, арқан байлап балапанын,
Бастаңыз» дедiм қызып қарияға.
«Тәйт, құсты құлданамын дейтiн кiмсiң?
Қызыққан киелiге кейпiң құрсын!
Сен де бiр қантүбiтсiң! – дедi Әшiмхан, –
Қырандар еркiн туған – еркiн жүрсiн!»
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі