Кемпірқосақ
Бұл бетте «Кемпірқосақ» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құбыланың бұлты ашылып,
Жаңбыр саябырлағанда:
Жапырағынан маржан шашылып,
Жас талдар баяу ырғалғанда.
Аспанға iлiне қалған
А-нау кемпiрқосақтың тамашасын-ай.
Арқауын ашудас нiлiне малған
Апамның алашасындай.
Бұлттардан салбырап түскен,
Аспанның алтыбақанындай,
Тайбурылдай арғымақ өскен,
Құртқаның алтын отауындай.
Өрнектеп өрiлген нұрдан
Туған жер құдiретi қосыла,
Қиялдай көрiнген қырдан
Құдайдың сүгiретi осы ма?
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі