Жалбыз

Бұл бетте «Жалбыз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылғаның бойын жағалап,
Жалбыздың иiсiн жұтқан шақ.
Жапырақтардан домалап
Жаңбырлаушы едi-ау шық моншақ.
Жанары жұмсақ таң-қыздың
Жамылып нұрын ақ желең,
Жұпарын жұтсаң жалбыздың
Жасарады екен жан, денең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері