Ақ тұма
Бұл бетте «Ақ тұма» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ыстық маған бұл жердiң әр ағашы
Қаулап өскен қызыл гүл ара-арасы.
Қызғалдаққа қонады қолымдағы
Қызылқұмар қызғаншақ баларасы.
«Өзгеше ме қалай, деп,
бүгiн ғалам?»
Құлағыма жұпар жел сыбырлаған.
Қымыздығын жапырып жарлауыттың
Ақ тұмаға үңiлем шымырлаған.
Шымыр-шымыр шығады шiркiн бұлақ,
Су емес бұл сырғыған құр сылдырап,
Шаттықтан ба,
Шерден бе Жер-Анамыз
Жiбергенге ұқсайды бiр күн жылап.
Шомылатын шымшықтар ернеуiне
Бұл қайнарға құладым мен де мiне,
Бұлт пен жұлдыз түнейдi төсiне оның
Тәнтi болып толқынның тербеуiне.
Осынау бiр тұманың тағдырының
Өз бойымнан сезiндiм жаңғырығын.
Секем алдым сырғыған сылдыр сумен
Қосыла ағып кетердей бар ғұмырым.
Қайнап жатыр.
Сыңайы жоқ таусылар,
Көз алдымда құбылар көп тамшылар.
Ақ тұманың түбiне үңiлемiн
Ол да маған үңiлiп жатқан шығар?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі