Туған ауыл түтіні
Бұл бетте «Туған ауыл түтіні» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылға бардым ақпанда,
Ақ табан жолмен ылаулап.
Үскiрiк үрлеп соққанда
Үсiген бетiм қылаулап.
Домбықса бетiм –
Даламның
Сүйгенi шығар жүзiмнен.
Еңкейе бердi алау Күн
Арайын жинап iзiмнен.
Қарттармен аумас кiтаптан
Тiлдесем бе деп жол тарттым.
Оттарды зiм тұтатқан
Үрлесем бе деп жол тарттым.
Тербетер жанды ой қуған
Адамға жол да бiр бесiк...
Ауылым шықты алдымнан
Түтiнi көкпен тiлдесiп.
Қайтер ең, досым, сырғып күн,
Балалығыңды ұрласа?
Алдыңнан сол бiр тiрлiктiң
Түтiнi қолын бұлғаса?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі