Ботана су
Бұл бетте «Ботана су» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ботана су ағады құлай барып,
Жалғыз адам жағада тұр ойланып.
Оның жаны бұлақпен ағайындас
Ашуланса таситын лайланып.
Жағада тұр
Иiлген сұрақ-ғұмыр:
Лайлаған кiм екен бұлақты бұл?
Екеуiнiң алдында бүкiл әлем
Мелшиедi айыпты сияқты бiр.
Бұлақ жатыр бұрқырап сай көшiрiп,
Адам кеттi.
Барады ол қайда өшiгiп?
Лайлап ап жүретiн тұндыра алмай
Дүниенiң заңы осы әурешiлiк...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі