Өлеңті

Бұл бетте «Өлеңті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2850
Өлеңті шымырлап ағады жай,
Құймайды теңіздерге.
Абайдың «Сегізаяғындай»
Тарайды сегіз көлге.
Жайқалады кемерде
Жас талдар жаудыраған.
Қалқиды тереңде
Тұңғиық жапырақтар жалбыраған.
Арнасын бұруға,
Жетпейді жел еркі.
Теңге таққан бұрымға,
Ұқсайды сұлуға
Қара көз Өлеңті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңті өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өлеңті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері