Бұл бетте «Өлеңті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3014
Өлеңті шымырлап ағады жай,
Құймайды теңіздерге.
Абайдың «Сегізаяғындай»
Тарайды сегіз көлге.
Жайқалады кемерде
Жас талдар жаудыраған.
Қалқиды тереңде
Тұңғиық жапырақтар жалбыраған.
Арнасын бұруға,
Жетпейді жел еркі.
Теңге таққан бұрымға,
Ұқсайды сұлуға
Қара көз Өлеңті.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі