Сұрықсыз күздiң сұрғылт тұманы

Бұл бетте «Сұрықсыз күздiң сұрғылт тұманы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сұрықсыз күздiң сұрғылт тұманы
Сәтенiн жаймен жайды атырапқа.
Сабақтан тамшы сырғып құлады,
Сырт етiп тамып сар жапыраққа.
Жан ұрлайтұғын барымташы ма ең,
Зираттың мәңгi қаралы аспаны?
...Бiр адам барып
Бар ынтасымен
Табыттың бетiн қаға бастады.
Бiркелкi шыққан балғаның үнi
Жегiдей жейдi құлақ құрышын.
Балғаның үнi
Жалғады, мiне,
Үзiлiп кеткен жүрек дыбысын.
Көп досын сол жан көмген бе дедiм,
Шегенi тiптi қаққаны бекем.
Шаншыған не бұл?
Кеудем бе менiң,
Табыттың әлде қақпағы ма екен?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері