Қарындасым ханшайым

Бұл бетте «Қарындасым ханшайым» атты Сырбай Мәуленов жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3482
Көрем ала таң сайын,
Қарындасым Ханшайым.
Қашан барсам алдымда
Қаймақ қатқан бал шайың.
Жетісесің бар жаққа,
Қамқоршысың сен көпке.
Төрт терезең тау жақта,
Төрт терезең көл бетте.
Көздеріңде шаршаған,
Көмек етіп көл саған,
Жігер құйып жел саған,
Дем бергендей тау саған.
Бүкіл лагерь қолыңда
Жүрек мырза, жан жомарт.
Томпаңдаған соңыңда
Жүз балаң бар қолқанат.
Күнде сені көрейін
Тау бауырынан таң сайын.
Үстем болсын мерейің,
Қарындасым Ханшайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындасым ханшайым өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қарындасым ханшайым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындасым ханшайым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарындасым ханшайым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері