СҮР БОЙДАҚ
Бұл бетте «СҮР БОЙДАҚ» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
СҮР БОЙДАҚ
Құрбы-құрдас отау құрды, біразы,
Үйдегілер бір сұрақты қайталап,
«Айтшы, енді үйленесің қашан?» деп,
Осы сұрақ шаршатты ғой бұл күні.
Жасымды да жасырамын бәрінен,
Білінеді дегенменен сөзімнен.
Қарап тұрсаң, бәрі анық жүзімнен,
Өткен күндер сыр шертеді ішімнен.
Өмір бақи сүр бойдақ боп жүрмейміз,
Біздер неге бақыт келсе шектейміз?
Болды енді, байламаймын жолымды.
Мені күткен жан бар шығар өмірде,
Жолығармыз өзіңменен бір күні.
Әкешім-ау, ардақты анашым,
Әр нәрсенің өз уақыты болады,
Әр жүректің бақыты кеп қонады.
Күнде айтып, жылы жауып қоямын.
Таңдап жүріп талайынан бас тарттым,
Білім қуып, жұмыс істеп жүргенде.
Біраз уақыт өтіпті-ау байқалмай,
Жасым да келіп қапты, бұл қалай?
Өмір бақи сүр бойдақ боп жүрмейміз,
Біздер неге бақыт келсе шектейміз?
Болды енді, байламаймын жолымды.
Мені күткен жан бар шығар өмірде,
Жолығармыз өзіңменен бір күні.
Өмір бақи сүр бойдақ боп жүрмейміз,
Біздер неге бақыт келсе шектейміз?
Болды енді, байламаймын жолымды.
Мені күткен жан бар шығар өмірде,
Жолығармыз өзіңменен бір күні.
© Сабазбеков Медет
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі