ЖАСТЫҚ ШАҚ

Бұл бетте «ЖАСТЫҚ ШАҚ» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

ЖАСТЫҚ ШАҚ

Көшелерде талай жүргенбіз,
Махаббатта оңай болмаған.
Шығармай ата-анасы,
Қашадан қарғып кіргенбіз.
Терезеде тұрып тілдесіп,
Әкесі көріп қалғанда,
Тырқыратып бізді қуатын,
Қызық еді сол бір шақ.

Апырай, сол күн қалды ма?
Оралмайды енді жастық шақ.
Жиналып, талай клубқа,
Үнді киносы шыққанда.
Алдын ала алып билетті,
Саттық қой талай ғашыққа.
Көңілде қалды сол күндер,
Өтті-ау, шіркін, жастық шақ.

Қызбенен өтсең көшеде,
Тимейтін бөтен жігіттер.
Ойлайсың артқа қайтуды,
Кетесің басқа жағымен.
Айналып ауыл шеттерін,
«Көк ит» деген сықырық.
Көңілде қалған сол кездер —
Естен кетпес бір қызық.

Бас қосқан кештер сол кезде,
Дастархан сәнді, береке.
Бір әуенді қайта қойып,
Вальс билейтін әнменен.
Қыздың қолын ұстап тұру —
Арман болған сол кезде.
Кезек пен кезек билейтін,
Балалық қалды сол жерде.

© Сабазбеков Медет


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер