ҮШІНШІСІ — ӨЗІҢМЕН БІРГЕ КЕТЕР
Бұл бетте «ҮШІНШІСІ — ӨЗІҢМЕН БІРГЕ КЕТЕР» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
ҮШІНШІСІ — ӨЗІҢМЕН БІРГЕ КЕТЕР
Бұл дүние — аялдаған бір керуен,
Бірі келер, бірі кетер үнсіз ғана.
Қуаныш пен қайғысы алма-кезек,
Адам ғұмыр өтеді бір сынақта.
Бір күнде тоқтайды екен тіршілігің,
Кеше бар, бүгін жоқ — бір тынысың.
Қол бұлғап артта қалар күллі дүние,
Жалғанның жалғандығын ұғынды ішім.
Үш нәрсе бірге барар дейді молаға:
Мал-мүлкің, туған-туыс — жолда ғана.
Жер жабылғасын кейін қайтар екеуі,
Бірі де кірмей қалар қорғанына.
Байлығың — есеп болып тірілерге,
Туысың — сыртта қалып, жасын төгер.
Ал өзіңмен бір кетер жалғыз серік —
Тіріде жинағаның амал ғана.
Атың да қалар, ізің де өшер мүмкін,
Бір сәттік сағым екен жалған бұл күн.
Ақ матаға оранғанда анық көрерсің:
Үшіншісі — өзіңмен бірге кетер.
Адам, тірлікте жүріп ойлан енді,
Бүгін бар, ертең жоқпыз — білген енді.
Амалдан өзіңе үй сал — тірі кезде,
Ізің болып қалсын жақсы ісің сенің.
© Сабазбеков Медет
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі