Қазақтың қаһарман қызы

Бұл бетте «Қазақтың қаһарман қызы» атты Жүніс Аяулым жазған ерлік туралы өлең берілген.

Тәуелсіздік жолында құрбан болған,
Өзін емес, өзгелерді ойлап барған.
Қанша көңіл қимастықпен тұрса дағы,
Отан үшін отқа түсіп, шыдап баққан.

Қазақтың қайтпас, қайсар батыл қызы,
Бейнесі алтын, қайталанбас ару жүзі.
Нәзіктігі бар болса да тұла бойда,
Жау алдында жасқанбаған ерлік ізі.

Халқымыздың асқақ, батыр жүрегі,
Берілместей айбатты, айқын тірегі.
Ару болса Әлиядай болсын дер ем,
Ұлтым деген адамдардың бірі еді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер