Менің жаңа Қазақстаным
Бұл бетте «Менің жаңа Қазақстаным» атты Жүніс Аяулым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақстан — туып өскен елім менің,
Қазақстан — ұлан байтақ жерім менің.
Ешбір ел тең келмейді дей отырып,
Мақтауыңды асырайын тағы сенің.
Қазақстан — бүгін, жаңа өзгерді,
Азаттықты алатын да кез келді.
Сол азаттық жолында бабаларым,
Талай қиын кезеңдерді еңсерді.
Жарқырап, жанған күндей азаттығы,
Көрінеді қазағымның ғажаптығы.
Дамыды, өркендеді қазақ елі,
Ұмытылды барлық көрген азаптары.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі