Сөзден алтын соққан ақын
Бұл бетте «Сөзден алтын соққан ақын» атты Жүніс Аяулым жазған поэзия туралы өлең берілген.
Өнерімен өрге жүзіп оза шапқан,
Сөздерінен талай адам маржан тапқан.
Қиялы ұшқыр, ойы терең, сөзге шебер,
Еңбегі мен ерені көп жұртқа жазған.
Жыр жинағын таратқанда ұғып біліп,
Бойында парасат пен біліктілік.
Айтысымен бір-ақ сәтте көзге түсіп,
Байқалды қатарынан биік тұрып.
Қазақ тілін сөзбен емес, жанмен сүйген,
Әдебиетке шын жүректен басын иген.
Ақындықты сүйгені соншалықты,
Сөзден алтын, шабыттан шапан киген.
Арнадым бұл жырымды ақын саған,
Қаламыңнан туған жыр — нұр қазынам.
Жетістістігің жарқырай берсін әлі,
Шығармашыл шыңдардан орын алған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі