Әке туралы жырлардан
Бұл бетте «Әке туралы жырлардан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған әке туралы өлең берілген.
Биiкке бiткен бәйтерек
Тереңге жайған тамырын.
Өткiздiң бастан ертерек
Өмiрдiң долы дауылын.
Ойранға кiрдiң, от кештiң,
Жаныңа түстi-ау жарақат.
Өлiммен талай беттестiң,
Шалдығып көрдiң шарапат.
Туған жер деген ұяны
Суытпай дәйiм жылы ұстап.
Бүркiттей шолып қияны
Биiкте жүрдiң тыныстап.
Әкеге қарап ұл өсер
Армансыз әке қайда бар?
Толқынға толқын iлесер,
Ғұмырға ғұмыр жалғанар.
Ойлаймын, әке, өзiңдi
Қызарып барып күн батса.
Еске алам нұрлы сөзiңдi
Жұлдыздар маған тiл қатса.
Еңкейген белге қарама,
Еңсеңдi елмен биiктет.
Немерең жүр ғой қалада
Бетiнен келiп сүйiп кет!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі