Қысқы бақ
Бұл бетте «Қысқы бақ» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн,
Қарадай жаны ауырар көрген кiсiнiң.
Қабағын, қасын қыраумен қаптап қойыпты,
Қаһарын қара казақтың қатал қысының.
Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн.
Қымтанып қыстан құнысуы анау Талғардың,
Қақайып қатып бүрiсуi анау талдардың.
Қар басқан бақта қалтырап тоңып тұрғандай
Жаны бар ма едi қаршадай мынау қарғамның?
Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн.
Қыстан да бетер қатыгез бе едiң, мүсiншi,
Қалқамның мынау қамырық халiн түсiншi.
Құдiретiңе құл болып мәңгi кетейiн,
Қаршадай қызды (үйiне барсын) түсiршi,
Қар басып қапты қаршадай қыздың мүсiнiн.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі