Алматы. Көктайғақ

Бұл бетте «Алматы. Көктайғақ» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаңтарда
Күнес көктем кеп,
Көшенiң буы көкке өрлеп,
Көпсiдi миы былқылдап,
Көнектей тоңдар көкпеңбек.
Кешкiсiн, бiрақ ызғақтап,
Көбiк қар көктi сызды аппақ.
Көнтерлi тротуарлар
Көнтиiп қалды мұз қаптап.
Кешкi аяз тоңмен тақтайлап,
Көк шыны көше – көктайғақ.
Конькиiн таңып,
Көген көз
Көп бала тыста кеттi ойнап.
Көбесiн сөккен жатып ап,
Көктем де, сiрә, жақын-ақ.
Көкбет қыс тұрды тiстенiп,
Көкшегiр көзi шатынап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері