Термометр қирады
Бұл бетте «Термометр қирады» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Термометр сынды да –
Сынаптары
Ұстатпады быт-шыт боп бiрақ тағы.
Бытырадай пышырап,
Тоз-тоз болып,
Қолдан қашып, қуысқа тұрақтады.
Бет-бетiмен сызатқа кiрiп, тегi,
Уысыма бiрi де iлiкпедi.
Әр-әр жерден жылан көз жылтырайды,
Мазақ еткен секiлдi күлiп менi.
Мазақ еткен секiлдi,
Мазақ еткен,
Мысым құрып менен де маза кеткен.
Қанша арманға қолының жетпегенi
Қаперiне кiрмейтiн азамат па ем?
Бiр бүлiнсе iсi жоқ бiрлiкпенен
Осы ма едi тұрлаусыз тiрлiк деген?
Арманынан адасқан бейбақ аз ба
Жүрегiнiң түбiне сыр бүктеген?!
Құрысыншы құрғырдың қирағаны,
Соған несiн бұл жүрек қиналады?
Мен бiлетiн дүние сынап болмас,
Мен бiлетiн дүние жиналады.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі