Апыр-ау
Бұл бетте «Апыр-ау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Апыр-ау,
Сезiмiмнiң оты өшкен бе,
Жоқ, әлде жүрегiмнiң етi өскен бе –
Жыртығын жылтыр сөзбен саудалаған
Ұқсап бара жатырмын көпестерге.
Сеземiн бiр суаттың суалғанын,
Жасанды жылағаным,
Қуанғаным.
Гүлiмнiң жұпарлысын жұртқа тартып,
Құшақтап қалғандаймын қуарғанын.
Тек қана аласармай
Асқақ арман
Тартады тыншымды алып,
Бастап алдан.
Тар жолда тайғанақтап, талпынамын,
Тағасы тарланымның таста қалған.
Ұғушы ем жел сыбырын,
Бұлақ тiлiн,
Бiрi де түсiнiксiз бiрақ бүгiн.
Шет елде нан табатын өнерiнен
Айырылып қалған тiлмаш сияқтымын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі