Күрмеліп көңілімнің күйі көптен
Бұл бетте «Күрмеліп көңілімнің күйі көптен» атты Қанипа Жапанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күрмеліп көңілімнің күйі көптен,
Жыр сезім оятайын тиіп еппен.
Бір қызын жұрт ұмытып кетті бәлкім,
Қазақтың қара өлеңін сүйіп өткен.
Барады тозғақ ғұмыр желмен сиреп,
Арбамды тартам бірақ өрден сүйреп,
Жосылып артта қалар ізім өлең,
Өлеңім өлмесін деп, сөнбесін деп.
Түс ауып еңкейген күн мұңайтады,
Ұйқыңнан оятқандай түн айтағы.
Келгенім, кеткенімді бұл өмірге,
Ұрпаққа өлеңімсіз кім айтады.
Батар-ау еңкейген күн ұясына,
Қос жанар сөнер тірлік қиясында.
Топырақ бір үйінді кетер жер боп,
Қаламның қалмаса ізі сиясында.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі