Мұхтар Шахановқа арнау

Бұл бетте «Мұхтар Шахановқа арнау» атты Ernar_akyn жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен эверест шыңы едің, мен шұңқырдың түбі ем,
Саған қарап тамсанушы ем, жақсарушы ем күнде мен,
Өмір кейде шіркін дерсің, кейде шулы дүрбелең,
Қуанасың ақ таңдардан, түңілесің түндерден.


Аспандағы жұлдыз едің, ғарышкерің мен едім.
Аққан жұлдыз атандың сен, менің күйді өзегім.
Сендей ұлы боларымды іштей бәлкім сезермін,
Бірақ берер бата қалды күтумен өз кезегін.

Ақын деп мен сені айттым, қалғандарға қарамай.
Жарқын деп мен сені айттым, ай мен күнді таңдамай.
Өмір кейде әппақ қайың, кейде қисық қарағай,
Жәннат болсын барар орның, жүздесерміз, ағатай...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер