Тақ-тақ өлең

Бұл бетте «Тақ-тақ өлең» атты Ernar_akyn жазған поэзия туралы өлең берілген.

Үңгірден далаға,
Ауылдан қалаға,
Сезімнен санаға бір көштім.
Білімім шырағым,
Түйсігім сынағым.
Татқанша дәмін жеңістің.
Оқыған озар,
Құр қалған тозар.
Кім кімнен үздік білесің.
Шам менен шырақ,
Бәрінен жырақ,
Ақылдың ақтап күресін.
Тәуліктер, ай, жыл,
Білімге ұмтыл,
Тексіздік тозақ тұлғаға.
Жасаса бас та,
Ырымың тасқа,
Оқыған жаман болар ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер