Мендегі махаббат майданы
Бұл бетте «Мендегі махаббат майданы» атты Ernar_akyn жазған махаббат туралы өлең берілген.
Қараңғы түн, жылы мезгіл келгенде,
Құшағыма гүл шоқтарын қысам да,
Назарымды бұрмай шашақ-шеңгелге,
Жетем саған қанат бітіп ұшарға.
Келе жатып ойым кетті сан-саққа,
Бетімнен бір сүйер ме екен деп мені.
Тез жетсем ғой отырғандай ұшаққа,
Деп сезімім жалғауларға септелді.
Міне жеттім...
Қазір міне шығады,
Жүрегімді төңкереді кеп боран,
Күлімсіреп маған қарап тұрады,
Ал мен болсам...
Қарап тұрам тек саған.
Шықты міне...
Нұр шашырап жанары,
Мендік жүрек қан езіліп барады,
Жымиғаны еліктіріп алады,
Ғашықтыққа ғашық болған баланы.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі