Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам!

Бұл бетте «Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам!» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам,
Салт-дәстүрін санаға мықтап сақтаған!
Анам да менің, Аллаға шүкір, жақсы адам,
Әз басын иіп, алғыс айтады сіздерге:
Қара болса да, жүрегі таза ақ балаң.

Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам,
Балам өссін деп, сұңқардай мені баптаған.
Әке, балаңмын — қанаты әлі қатпаған,
Қате болса да, «балам, балам» деп жақтаған.
Анамдай асыл, періште адам жоқ маған!

Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам,
Аузында Алла, жүректе иман сақтаған.
Тірлік етпей, бір сәт тыным таппаған,
Досын сыйлап, дұшпанға садақ атпаған.
Әкемдей ұлдың ұлы екеніме мақтанам!

Өзіңдей әке ұлы болу да — бақ маған,
Ұлтымды танып, ұлылығымды сақтаған!
Үлкенді сыйлап, қариялардан бата алған,
Атамның емес, адамның ұлы аталған.
Әкемдей ұлдың ұлы екеніме мақтанам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер