Сүйімбике мұнарасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сүйімбике мұнарасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3096
Бір көз сұлу қос жанарын жас қаптап,
Омырауын аш толқынға ашты аппақ.
Көлеңкесі таңбаланып тасқа қап,
Мұнара боп тұрып қалды асқақтап.
Күн болғанша бақытыңды жоғалтып,
Дұшпаныңды сүйгенінше қол артып,
Өр қырандай құз шыңырау түбіне
Өзіңді-өзің лақтырғаның көп артық.
***
Көл бетіне қарай-қарай
Өзім көлге айналдым.
Жер бетіне қарай-қарай
Өзім жерге айналдым.
Көл секілді күңіремсем деп,
Жерден дауыл сұрадым.
Жер секілді гүл өңсе деп,
Көктен жауын сұрадым.
Жалбыр-жалбыр орман бойлап,
Келесің сен сыр ұрлап.
Тальян гармонь қолында ойнап
Төгіледі ән сыңғырлап.
Тебірентесін , тербетесің
Ұйықтап жатқан жер төсін.
Жауындатып, желдетесің
Мұңды бір күй шертесің.
Басымайсың жалындатпай,
Пернелерді мың басып.
Ғалиябану жарын таппай
Сенімен жүр мұңдасып.
Жалбыр-жалбыр орман бойлап,
Келесің сен сыр ұрлап.
Тальян гармонь қолында ойнап,
Төгіледі ән сыңғырлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйімбике мұнарасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сүйімбике мұнарасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйімбике мұнарасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйімбике мұнарасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері