Cағынбақтан сарғайман – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Cағынбақтан сарғайман» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2326
Сандуғашым, қарлығашым,
Қашан бірге ұшамыз.
Ғұмыр гүлін, қайың бүрін,
Қашан бірге құшамыз
(Татардың халық өлеңінен)
Қазан сонау алыс қалған,-
Сағындым сені.
Қанбайды ішсем наз дауыстардан-
Жанымның шөлі.
Сағындырды кешкі күн жалқындары-
Дана ағалар.
Сағындырды үйлері жолдастардың-
Ақ жаныңдай.
Сол үйлерде мен өзім той басқардым,
Желбіреп шашым ат жалындай.
Сағынам бірақ, сарғаймын,
Сары жазда барамын.
Жарысып желмен жарда ойнаймын,
Жасыл жаңбыр боп жауамын.
***
Ленин Саян тауында тұрғанша,
Баян тауында неге тұрмаған.
Баянда дүкен Саяннан жылырақ қой,
Қазақтың ақ жанымен,
Жұлдыздай ұшқыр ат жалымен.
Жетер еді ауылдан ауылдарға,
Адырдан-адырларға,
Зуылдап той.
Ленин тыңдар еді,
Сөздерін қарияның,
Жағдайын білер еді,
Әр үйдің- әр ұяның
Ішер еді қазақтың сары қымызын,
Ішер еді даланың бал уызын,
Түсер еді Арқанын көлдеріне,
Көрер еді елімнің бар қызығын.
Көрер еді бүркіттерді,
Сол бүркіттей жігіттерді.
Жебер еді жетімдерді,
Күн сияқты көтерер еді үміттерді.
Бірақ Ленин үні,
Саянға да.
Баянға да,
Жетті бірдей.
Барлығына шуағы шашырайтын,
Көктегі отты күндей.
***
Аттанды Жердің жұлдызы,
Аспанның қызы Шолпанға.
Тартылып жайдан түнде ізі,
Қалдырды көкте қолтаңба.
Зымырап жайдың оғындай,
Шырқады биік аспандай.
Бұлдырап құстың жолындай,
Артында қалды ақ шаңдақ.
Жалындап жанып от жүзі,
Шолпанға жетті ол ағып.
Жер жігіті, көк қызы,
Көрісті күліп қол алып.
Қос жүрек бірге тыныстап,
Қос білек қалды айқасып.
Жұлдыздар уыстап,
Лақтырып жатты ай шашып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Cағынбақтан сарғайман өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Cағынбақтан сарғайман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Cағынбақтан сарғайман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Cағынбақтан сарғайман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері