Махаббаттың масайып шарабына

Бұл бетте «Махаббаттың масайып шарабына» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1084
М ахаббаттың масайып шарабына,
Е сеңгiреп есiмнен айырылдым.
Н ұр боп әлде бойыма таралды ма,
С аған неге соншама қайырылдым.
Е лестетсем өзiңсiз өмiрiмдi
Н алимын да қайғырып, жылаймын шын.
I ңкәрлiк билеп алды көңiлiмдi.
Ж үрген едiм бұрындар уайымсыз.
А ңсаумен өтiп жатыр түндерiм де,
Қ иялымда құс болып қалықтайсың.
С үйгендiктен күтемiн күнде-күнде,
Ы нтықпын ғой – тосудан жалықпаймын.
К үш тартады менi бiр саған қарай,
Ө зiңсiз өмiр мүлде жабықтырды.
Р ет-ретiмен қойылған бағанадай,
Е ш қызықсыз, бiркелкi күндерiм де
М езi еттi, қажытты, жалықтырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббаттың масайып шарабына өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Махаббаттың масайып шарабына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббаттың масайып шарабына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббаттың масайып шарабына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері