Жүректе тұрар жаңғырып
Бұл бетте «Жүректе тұрар жаңғырып» атты Нұршаш Тоқтарқанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағыныш деген жүректі жалын өртеді,
Ұмытпай жүріп ұмыттым дедім мен сені.
Алыстап енді алыстап кетіп барамын,
Осы екен қалқа арымның нағыз өлшемі.
Хабарың келді бірақ та жауап қатпадым,
Атыңды атап қайталай қайта жаттадым.
Сен маған мәңгілік сағыныш боласың,
Бақытын жағып жүресің бірақ басқаның.
Жолымыз солай қосылмас біздің мәңгілік,
Ғашықтық жырын өзгелер айтар ән қылып.
Бәрі де бәрі уақыттың құлы өтеді,
Сағыныш үні жүректе тұрар жаңғырып.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі