Мен саған жыр арнадым
Бұл бетте «Мен саған жыр арнадым» атты Нұршаш Тоқтарқанқызы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Сезімнің жалын атқан алауы шын,
Жүректің ынтық, сынық қалауы үшін.
Мен саған жыр арнадым білесің бе,
Өзгеден өзге біткен дара мүсін.
Сияқты кең көсілген сайран далам,
Сияқты күн көзіндей жайраңдаған.
Кеңдік пен мейір толы жылылықты,
Ұғындым көңіліңнен жайған маған.
Ішінде ақ сағымды сезімдердің,
Жазира көңіліңнің гүлін тердім.
Тараған өзіңдегі жарық нұрдан,
Бақытты сәттерімнің өзін көрдім.
Шыңдаған мына тірлік күресінде,
Балайсың мені, жаным, гүл есімге.
Сол жүрек, сол көңілің шарықтатып,
Мен саған жыр арнадым білесің бе?!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі