Сыныптастар
Бұл бетте «Сыныптастар» атты Әділет Айданбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыныптастар – жарқыраған жұлдыздар,
Бойларыңда ізгі ниет, нұрлы із бар.
Бұл жалғанды шарласам да шарқ ұрып,
Сендердейін жандар қайда, құрдастар?!
Сыныптастар, сәуле қуып ұмтылған,
Алтын сәттер болар бізге жыр-дастан.
Күңіреніп келсе-дағы салқын күз,
Еңсе түсіп, мұңаймаңдар ешқашан!
Нұрға бөлеп атар бізге әрбір таң,
Жетелейді күресуге сан арман.
Демеу болып, өмірімде нұр шашқан,
Сыныбымды еске аламын әрқашан.
Алда қандай сынақ барын білмейміз,
Өткінші деп, іштей кейде толқимыз.
Арман қуып, сәтті жолға ұмтылып,
Бар жақсылық болсын деп біз тілейміз!
Авторы:Айданбек Әділет
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі