ЖҮРЕК ҰМЫТПАЙДЫ
Бұл бетте «ЖҮРЕК ҰМЫТПАЙДЫ» атты Дарина Серіққызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оралмайды көктемім…
Өзіңмен бақытқа жеткізген.
Келген күзіңмен,
Сарғайған гүліңмен,
Суытқан сезіміммен,
«Ұмыт» деген сөзіңмен,
Ұмытқан күйіммен,
Ұмыта ма жүрек сүйгенін?
Жауған жауын да,
Аққан тамшы да көзімнен,
Уақытта жылдарға айналған,
Сөндіре алмады сезімімді.
Мен сені ұмыттым дедім…
Сезімімді жұттым...
Өзгемен жанымды жылытсам да,
Өзгеге құшағымды ашсам да,
Жүрегімді аша алмадым
Өзіңнен кейін ешбір жанға.
Жүрек ұмытпайды…
Өзіңмен құшқан кездерді,
Жүрек ұмытпайды
Сағынышқа айналған сәттерді.
Жүрек ұмытпайды…
Жүрек ұмытпайды…
Жүрек ұмытпайды…
Жүрек мәңгі сақтап өтеді
Сен екеуміздің махаббатымызды.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі